Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады деп күтілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіліп отыр. Елдің тек шығысы мен оңтүстік-шығысы ғана антициклон тарамында болып, онда жауын-шашынсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Түнде Алматы облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, жел екпіні 28 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде кейбір жерлерде тұман түсіп, күндіз жел (15-20 м/с) тұрады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтілуде.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Қостанай облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде жаяу бұрқасын, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіліп отыр.

Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман түседі.

Ақмола облысының кейбір жерлерінде күндіз желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтілуде.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел (17-22 м/с) күшейеді.

Соңғы жаңалықтар