Жұма күні Қазақстанның 7 қаласында ауа сапасы төмендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 сәуір, жұма күнгі метеорологиялық жағдайлар республиканың 6 қаласында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасай отырып.

Ақтау, Жаңаөзен, Ақтөбе, Астана, Атырау, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Өскемен, Ақсай, Орал қалаларындағы метеорологиялық жағдайлар атомосферадағы ластаушы заттардың ыдырауына ықпал етеді.

Алматы, Астана (түнде), Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Тараз, Шымкент қалаларындағы метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді.

ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.

Соңғы жаңалықтар