Жұма күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма, 21 маусым күні Қазақстанның көптеген қалаларында жайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Тек, түнгі уақыттарда ғана Шымкент, Балқаш және Теміртау қалаларының атмосферасында ластаушы заттар жиналуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар