Жұма күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжауынша жұма күні жауын жауады, кей жерлерде қар түсуі мүмкін, жел күшейіп көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің мәліметінше, 19 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, тек батыс, солтүстікте күн райы ашық. Кей жерлерде тұман, найзағай, көктайғақ, жел күшейеді, оңтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы секундына 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23-28 метрге күшейеді, оңтүстік-батыста желдің күші 30 м/с жетуі мүмкін.

Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20, кейде 23-28 м/с жетеді.

Қызылорда облысында жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін, желдің жылдамдығы секундына 15-20, түнде 23 метрге дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, таңертең және күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 25 м/с күшейеді.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, күндіз Алматы, түнде Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар