Жұма күні елімізде ауа райы құбылмалы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Қазақстанның көптеген аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей жерлерде жауын-шашын жауады, тек республиканың батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысында күн ашық болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте жаяу бұрқасынды жел, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жел қарқыны 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшейіп, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан асуы мүмкін. Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады.

Түнде Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с, күндіз 15-20, 30 м/с дейін үдейді. Кей аймақтарда тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде тұман бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшеюі ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін үдеп, шанды дауыл болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей аймақтарына тұман түседі. Түнде Ақтөбе облысында көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар