Жұма күні ел аумағында ауа райы қандай болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 28 қаңтар, жұма күні Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатына себепші болады.

Жауын-шашын болады, күндіз оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Жел күшейіп, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

Тек еліміздің орталығы мен шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында - көктайғақ, солтүстігінде - тұман, батысында және шығысында – желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде батысында, таулы аудандарында тұман түседі. Таңертең және күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, таулы аудандарда жел екпіні 23 м/с болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, орталықта жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Күннің екінші жартысында көктайғақ болады, бұрқасын соғады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, солтүстік-шығысында күндіз жел екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарда көктайғақ болады.

Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар