Жұма күні Ақтауда ауа сапасы нашарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма,  12 қазан күні Қазақстаннның тек бір қаласында ғана ауа сапасы атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметтеріне қарағанда, Ақтау қаласында ауа ластанып, жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

Соңғы жаңалықтар