Жұма күнгі ауа райы болжамы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан өңірлерінде құбылмалы күн райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Елдің барлық аумағында жел күшейіп, тұман болжанады. Сондай-ақ солтүстік-батыста, солтүстікте жаяу бұрқасын болады, батыста, солтүстік-батыс пен солтүстікте көктайғақ күтіледі. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Күндіз Ақмола облысының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр күтіледі.


Соңғы жаңалықтар