Жүкті әйелдерге вакцина салу қаншалықты маңызды - дәрігер жауабы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық №36 емханасының акушер-гинекологы Қарлығаш Несіпбаева ҚазАқпарат тілшісіне жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы екпе алу қаншалықты маңызды екені туралы айтып берді.

- Жүкті әйелдерге корнавирусқа қарсы вакцина салу қауіпсіз бе?

– Соңғы екі жылда біз COVID-19 жұқтырғандар арасында жүкті әйелдердің көп екенін көрдік. Вирустың алғашқы «Ухань» және «Британ» штаммдарын жүкті әйелдер де жұқтырды. Олардың арасында өлім, баланың өлі туу және мерзімінен бұрын босану жағдайлары орын алды. Жүкті әйелдерде инфекция өте ауыр өтеді. Бұл жүкті әйелдер арасындағы өлімнің артуына, ауыр асқынуларға әкеледі. Жүктілік кезінде қанның ұюының жоғарылауы, иммундық қорғаныстың төмендеуі және қозғалыс қиындықтары сияқты өзгерістер болады. Бүгінгі күні әлемнің көптеген елдері жүктіліктің 12-16 аптасынан кейін вакцинациялайды.

– Адам коронавируспен қанша күн аурады?

– Ауру жеңіл өтсе 14 күнге дейін, асқынған жағдайда 8 аптаға дейін созылуы мүмкін. Егер адам «Ухань» түрімен ауырған болса, ағзада антиденелер қалады, олар әртүрлі деректер бойынша 6 айдан 9 айға дейін сақталады. Бұл арнайы ақуыздар, олардың негізгі міндеті вирустық инфекцияны бейтараптандыру. Олардың екі түрі бар: IgM – аурудың ауыр сатысында болғандарда кездеседі, IgG – ауырғандарда қалады.

– Адамдар неге коронавирусты екінші рет жұқтырып алып жатыр?

– COVID-19-ға антиденелер мәңгілік емес, олар жойылғаннан кейін адам қайтадан ауырып қалуы мүмкін. Қайта жұқтыруға жаңа штаммдардың пайда болуы, сауыққандардың өз қауіпсіздігіне немқұрай қарауы, иммундық жүйенің әлсіздігі мен жазылғанан кейін IgG антиденелерінің жеткіліксіз мөлшері ықпал етеді.

– ЖРВИ мен коронавирусты қалай ажыратуға болады?

– Коронавирус пен жіті респираторлы вирустық инфекцияның негізгі айырмашылығы - инкубациялық кезең. Тыныс алу жолдарының вирустары мен тұмау 1-4 күнде пайда болады. Орташа алғанда, олардың инкубациялық кезеңі 2-3 күн. Коронавирустың ағзада көбеюі ұзаққа созылады. Оның инкубациялық кезеңі 14 күнге дейін болуы мүмкін. Жіті респираторлы вирустық инфекция кезінде адам бірнеше күннен кейін өзін жақсы сезіне бастайды, ал коронавируста керісінше, күн өткен сайын жағдай нашарлай береді.

– Дене қызуы жоғары көтерілгенде, өзін-өзі емдеу көмектесе ме?

– Ешбір жағдайда өзін-өзі емдеумен айналыспау керек, өйткені дәрі-дәрмектер аллергиялық реакция тудыруы мүмкін. Егер температура көтерілсе, оны түсіретін перпарат қолданып, жедел жәрдем бригадасын шақыру керек. ЖРВИ кезінде әлсіздік әрдайым байқалмайды, әдетте құрғақ жөтелмен, температура болады. Ал коронавируста ринит белгілері сирек кездеседі. COVID-19 кезінде бас ауруы байқалады.

– Ревакцинациядан өткен дұрыс па?

– Иә, жаңа штаммдардың анықталуына байланысты міндетті түрде қайта вакцинациялау қажет.

– Сұхбатыңызға рахмет!


Соңғы жаңалықтар