+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Жүкті әйелдер жәрдемақыны үйден шықпай, SMS арқылы рәсімдей алады

2021 жылғы 13 мамыр 12:16
Бөлісіңіз:
Жүкті әйелдер жәрдемақыны үйден шықпай, SMS арқылы рәсімдей алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі – ЭЕБ) порталында жүктілікке және босануға байланысты табыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді проактивті форматта тағайындауға мүмкіндік беретін жаңа функционалды іске қосылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы Рысқұлов даңғылы жабылады Алматыда Бұқар Жырау көшесіндегі көлік қозғалысы шектеледі Қазақстандық жас теннисші Грузияда өткен турнирдің чемпионы атанды

Осы жылдың мамыр айынан бастап ЭЕБ-да Қазақстанның жұмыс берушілері үшін жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік демалыстарды Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркеу мүмкіндігі берілді. Осының арқасында демалысқа шыққан қызметкерлерге тиісті әлеуметтік төлемді тағайындауды өтініш берушінің қатысуынсыз проактивті форматта жүзеге асыруға болады. Бұл көрсетілетін қызметті алушыларға осы төлемді алуға өтініш беру үшін халыққа қызмет көрсету орталығына жеке бармауға мүмкіндік береді.

Жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік демалысқа шыққан жұмыскерге төлемді проактивті түрде тағайындау үшін жұмыс беруші жұмыскердің шығу фактісін ЭЕБ порталындағы жеке кабинетте тіркеуі қажет. Деректер Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жіберіледі, одан сұрау салу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға берілетін болады. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушыға SMS-хабарлама арқылы проактивті форматта әлеуметтік төлем тағайындауға келісімін алу бойынша сұрау түседі, оған үш күн ішінде жауап беру қажет болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT