Жүкті әйел вакцина алса, баласында коронавирусқа қарсы иммунитет болады - маман

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Жүкті әйел вакцина алса, баласы коронавирусқа қарсы иммунитетпен дүниеге келеді. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүкті әйел вакцина алса, баласында коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет болады. Бірақ оның антиденесі қаншалықты болатыны әр ағзаға байланысты. Бала иммунитетпен дүниеге келеді деп толық айта аламыз», - деді Светлана Сұлтанғазиева.

Сонымен қатар, ол әрбір дәрі-дермек нарыққа шығарда төрт зерттеу фазасынан өтетінін айтты.

«Олар клиникаға дейінгі, еріктілерге, халықтың белгілі бір контингентіне, кейін пост тіркеу кезеңі. Бүгінде бар дәрі-дәрмек, вакциналарда 10 пайызға жуық жанама әсерлері бар. Осы вакцинаның да 10 пайызға дейін жанама әсерлері болады, бас ауруы, екпе салынған жердің қызаруы, дене қызуының көтерілуі. Бірақ оның бәрі 1-2 күнде тоқтайды», - деді дәрігер.


Соңғы жаңалықтар