Жүкті әйел пойыздың астына өзінің абайсыздығынан түскен - Алматы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жүкті әйел пойыз астына өзінің абайсыздығынан түскен. Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ләззат Аленова хабарлады.

Оның айтуынша, қайғылы оқиға 7 қазанда Алматы-1 стансасының маңында болған. «Желілік ішкі істер басқармасының кезекші пультіне жол апаты туралы хабарлама түсті. 25 жастағы жүкті келіншекті «Семей-Қызылорда» бағытындағы электровоз қағып кеткен. Келіншек пойыз жақындап қалғанын байқамай қалған. Бұл дерек қазір ҚР ҚК 344-бабының 1-бөліміне сәйкес бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жалғасуда», - деді Л.Аленова. Дәрігерлердің айтуынша, қазір келіншектің жағдайы бірқалыпты ауыр. Миы қатты соққы алған. Сол үшін әлі де жасанды тыныс алу аппаратына қосулы. Есін жиған жоқ. Апат келіншектің ай-күні жетіп босанатын сәтінде болған. Өкінішке орай, жедел түрде кесар тілігімен алынған нәресте 1 сағат өткен соң шетінеп кетті.

Соңғы жаңалықтар