Жүкті әйел мен оның баласын қағып кеткен салықшы 7 жылға көлік жүргізу құқынан айрылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүкті әйел мен оның баласын қағып кеткен салықшы 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты.

«Алматы облысы Ұйғыр ауданы Салық басқармасының басшысы Бақыт Құрмашев Әкімшілік соттың қаулысымен ҚР ӘҚК бірнеше бабы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 467-бабының 3-бөлігінде, 468-1-бабының, 469-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған жаза ретінде 30 тәулікке қамалып, 7 жыл мерзімге автокөлік құралын жүргізу құқығынан айыру белгіленді»,- деді Қуандық Ешімет. Естеріңізге сала кетейік, оқыс оқиға маусымның 23-інде Жансүгіров-Жұмабаев көшелерінің қиылысында орын алған болатын. Мемлекеттік нөмірі В 059 RAN маркалы «Лексус» автокөлігін мас күйінде тізгіндеген салықшы қиылыстан өтіп келе жатқан аяғы ауыр келіншек Малика Чайбырова мен оның 4 жасар ұлын қағып кеткен. Оқиға орнынан бой тасаламақ болған шенеунікті куәгерлер ұстап қалған еді.

Сондай-ақ жол апатына себепкер болған шенеунікке қарсы ҚР ҚК-нің бірнеше бабы бойынша, яғни 296-бабы, 1-тармағы (ЖҚЕ мен көлікті пайдалану ережесін бұзу), 297-бабы (жол-көлік оқиғасы болған жерден бой тасалау), 119-бабы (қауіпті жағдайда қалдыру) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айта кету керек.

Соңғы жаңалықтар