Жүксалғыштан «адам аяғы» салбырап тұр: Көлік жүргізушісі ұсталды

Фото:
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда аяқ киімі бар адам аяғының муляжын көлігінің жүк салғышынан салбыратып, көшеде жүрген жас жігіт табылып, оған айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

2 ақпан күні Петропавл қаласының әлеуметтік желілердегі пабликтерінде видео тарады. Онда автокөліктің жүк салғыш бөлігінен аяқ киімі бар адамның екі аяғы шығып тұрған.

«Тәртіп сақшылары ВАЗ-2112 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісін ұстады.
Қала тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-бөлігі («Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша хаттама толтырылды.
Сондай-ақ жас жігітпен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - делінген полиция мәліметінде.

Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Соңғы жаңалықтар