Жүкембаев пен Сабыровтың Канададағы жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Кәсіпқой боксшылар Нұрзат Сабыров (8-0, 7КО) пен Батыр Жүкембаевтың (14-0, 12КО) Канададағы жекпе-жегін қазақстандықтар тікелей эфирден көре алады. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» аккаунтында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық нокаутшылар қатысатын бокс кеші 16 наурыз күні Монреаль қаласында өтеді. Оны тікелей эфирден «Хабар» телеарнасы көрсетеді.

Сабыровтың қарсыласы аргентиналық Сезар Рейносо (15-11-4, 7КО). Екінші орта дивизионда өтетін жекпе-жек сегіз раундқа есептелген. 25 жастағы Нұрзат «Eye of the Tiger Managament» канадалық промоутерлік компаниясының қамқорлығында. Ол 2018 жылдың 24 қарашасында өткен соңғы кездесуінде мексикалық боксшы Рокки Монтояны (32-3, 22 КО) екінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

Батыр Жүкембаев болса мексикалық боксшы Карлос Хименеске (14-9-1, 8КО) қарсы тұрады. Бұл, қазақстандық спортшының кәсіпқой бокстағы 15-інші жекпе-жегі. Соңғы кездесуін былтырғы жылдың 6 қазаны күні Квебекте өткізген еді. Ол Мексика өкілі Патрисио Лопес Мореноны (21-3, 15КО) жетінші раундта нокаутқа түсірді.

«Хабар» арнасындағы т рансляция 17 наурыз күні, Астана уақытымен сағат 08.00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар