Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 9 °С
Алматы: 6 °С
USD 326.00 EUR 382.20
RUB 5.29 CNY 51.05
Жаңалықтар

Жүкембаев мексикалықты нокаутқа жіберіп, IBO International титулын жеңіп алды

2017 жылғы 7 сәуір 08:04 1525
Бөлісіңіз:
Жүкембаев мексикалықты нокаутқа жіберіп, IBO International титулын жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші орта салмақ санатындағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (8-0, 7 КО) Монреальдағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде мексикалық Косме Риверамен (41-23-3, 28 КО) кездесті, деп жазды Sports.kz.

Айқас он раундқа созылуы тиіс еді, алайда, жетінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті қазақстандыққа берді.

Осылайша, Жүкембаев IBO International дәрежесіне ие болды. Бірінші орта салмақтағы дәреже үшін жекпе-жек «Метрополистегі» бокс кешінің басты оқиғасы болды.

Одан бөлек, Монреальдағы бокс кешінде қазақстандық Абылайхан Хусаинов (5-0, 4 КО)  мексикалық Кристиан Аррасоламен (23-13-2, 16 КО) кездесті. Екінші раундта, яғни 2 минут 38 секундта қазақстандық Хусаинов мексикалық Аррасоланы нокаутқа түсірді.

 


Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат