+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Жүкембаев-Лара жекпе-жегін қайдан көруге болады

2020 жылғы 23 қаңтар 14:55
Бөлісіңіз:
Жүкембаев-Лара жекпе-жегін қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Канадада 25 қаңтар күні өтетін Батыр Жүкембаев пен мексикалық Рикардо Лара айқасын «Хабар» арнасы тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Кәсіпқой бокс: Мадияр Әшкеев жеңіліп көрмеген америкалықпен жұдырықтасады Жан Кособуцкий мен Нұртас Әжбенов қарсыластарын нокаутқа жіберді Айқасқа дайынмын – Батыр Жүкембаев Канададағы айқасы алдында мәлімдеме жасады

Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) басты айқаста шығатын Канададағы бокс кешіне барлық билеттер сатылып кеткенін бұған дейін хабарлаған едік. Сондай-ақ боксшының IBF Latino чемпионы аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронға (12-3-1, 4 КО) қарсы айқасатыны жарияланған болатын. Алайда, канадалық БАҚ-тың хабарлауынша, отандасымыз «Рики» лақап атты мексикалық Рикардо Ларамен (22-7, 10KO) кездеседі.

25 қаңтарда өтетін айқаста қазақстандыққа тиесілі бірінші орта салмақтағы WBA Continental Americas пен IBF Inter-Continental титулдары сарапқа салынады.

«Қазақстандық бокс сүйер қауым Жүкембаев-Лара айқасын «Хабар» арнасынан тікелей эфирден көре алады. Жекпе-жек жексенбі күні (26 қаңтар) сағат 08.30-да басталады», - деп хабарлады «Қазақстан кәсіпқой боксы» федерациясынан.

Естеріңізге сала кетейік, Батыр Жүкембаев былтыр 26 қыркүйек күні Монреальда мексикалық Мигель Васкеске қарсы (41-9, 15 КО) өткізген соңғы жұдырықтасуында төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен болатын. Халықаралық бокс ұйымының (IBO) рейтингінде ол өз салмағында 11-ші орында тұр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT