Жұқа мұз үстінде ойнаған балалар астаналықтарды шошытты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұқа мұзда ойнаған балалар астаналықтарды шошытты. ҚазАқпарат Есіл өзенінің жұқа мұзында ойнап жүрген балалар астаналықтарды шошытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 14:36-да 102-ге Қажымұқан көшесінің бойында Есіл өзенінде балалардың ойнап жүргені туралы хабарлама келді. Оқиға орнына дереу автопатруль жіберілді. Полиция қызметкерлері ағайынды 9-10 жас аралығындағы екі баланы анықтады. Кадрларда мұз үстінде балалардың бір-бірін қуалап, әлі қалың қатпаған өзеннен әрі -бері өтіп жатқаны көрінеді. Полицейлер балалардың ата-аналарын анықтады. Оқиға орнына ұлдардың анасы шақырылды. Онымен және балалармен су айдындарында ойнаудың зияны мен зардаптары туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті су айдындарынан нәзік мұзбен өтуге қатаң тыйым салынғанын ескертеді. Мұндай ойын өте қауіпті және қайғылы жағдайға соқтыруы мүмкін.

«Құрметті ата-аналар, балаларыңызға жұқа мұзбен жүру және олардың үйден тыс жерде жүріс-тұрысын бақылау қауіпті екенін ескертіңіздер!» - деп қосты департаменттегілер.


Соңғы жаңалықтар