+7 (701) 759 90 19
USD 426.39 EUR 504.16
RUB 5.87 CNY 66.28
Jańalyqtar

Жүк тасымалдаушы 63 есірткі заты мен 43 телефонды түрмеге өткізбек болған

2021 жылғы 10 шілде 22:58
Бөлісіңіз:
Жүк тасымалдаушы 63 есірткі заты мен 43 телефонды түрмеге өткізбек болған

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Түрмеге тыйым салынған заттарды өткізбек болған қызылордалық жүк тасымалдаушы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 71,9 пайызы вакцина салдырды Қызылорда мектептерінде санитарлық талаптар қатаң қадағаланады Қызылордалық еңбеккерлері елордада жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды

9 шілдеде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері мекемеге өтпек болған КамАЗ жүк көлігіндегі цемент салынған қаптарды тексеру барысында сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттарды тапты. Жедел түрде «102» нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды. Жүк көлігіндегі 196 қап цементтің жеті қабынан 10 және 20 грамдық шприцке нығыздалып салынған 63 дана «өзіне тән ерекше исі бар шөп тектес» затты, 43 дана ұялы телефон, 14 дана құлаққап, 33 дана зарядтау құрылғысы, 13 дана SIM-карта, 12 дана насыбай, 10 дана ойын картасы және үш литр спирттік ішімдік тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT