Жүк көліктерінің рұқсат құжатынан пайда табатындардың жолы кесілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ИИДМ Көлік комитеті халықаралық деңгейде жүретін жүк тасымалдаушыларға рұқсат құжатын тапсыру жұмысын автоматтандырғалы отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көлік комитеті «Рұқсат құжаттары мен тасымал мониторингін басқару» ақпараттық жүйесін дайындап жатыр. Ол жүйе шетелдік рұқсат бланкісін пайдалануды бақылауға, қазақстандық бланкіні беру жүйесін автоматтандыруға, қазақстандық тасымалдаушылардың шет елдерге шығу рұқсатын жасауға, шетелдік тасымалдаушылар үшін қазақстандық бланкіні тапсыру және оның күшін жою жұмыстарын автоматтандыруға арналған», - деді Көлік комитеті төрағасының орынбасары Данияр Қоспабаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет өкілінің айтуынша, аталған жүйе шетелдік рұқсат құжаттарын қымбат бағамен қайта сатып, пайда тауып жүргендердің жолын кеседі. Себебі, ауыр жүк көліктерінің қалтасын қаққан пысықайлар рұқсат бланкілерінің тапшылығын қолдан жасап отырған көрінеді.

Еске сала кетсек, Данияр Қоспабаев бұдан бұрын ауыр жүк көліктерінің осіне түсетін салмақты өлшеу жүйесі автоматтандырылатынын хабарлаған болатын. Оның айтуынша, бұл жүйе іске асқан жағдайда ауыр жүк көліктерінің осіне түсетін салмақты инспекторлар тексере алмайды.

Соңғы жаңалықтар