Жүгері сатушы полицияға тағы қарсылық көрсетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Тұңғыш Президент бағында жүгері сатушы жігіт ұсталған кезінде полиция қызметкерлеріне тағы қарсылық көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Бостандық ауданының полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі рейд жұмыстарын жүргізген. Рейд барысында ҚР Тұңғыш Президенті бағында жаппай сауда жүргізіліп жатқаны анықталған.

12 қыркүйекте заңсыз жүгері сатушы жігітке әкімшілік жаза тағайындалған болатын.

«Құқық бұзған адамның заңға қарсы әрекетіне тосқауыл қою барысында ол полиция қызметкерлерінің талабына қарсылық білдірді. Сол үшін Әкімшілік кодекстің 667-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды полиция департаментінен. Сонымен қатар Д-ға қатысты Әкімшілік кодекстің 204-бабы 2-бөлігі бойынша да (бірнеше рет жасалған заңсыз сауда) әкімшілік хаттама толтырылған.

Алайда, оған қарамастан саудагер кеше тағы заңсыз саудасын жалғастырған.

13 қыркүйекте тұрғындардың шағымынан соң полиция заң талабын бұзған азаматты ұстады.

«102 нөміріне Дулати көшесінде жабайы сауда жайылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына учаскелік инспектор келді. Әкімшілік хаттама толтыру кезінде ер адам полиция қызметкеріне қарсылық көрсетті. Полиция қызметкеріне жұдырық ала жүгірген ол ұсталып, аудандық ПБ жеткізілді»,- деді басқарма басшысы Дәурен Утебаев.

Бұл дерек ҚР ҚК 380 бабымен сотқа дейінгі тергеу ісі реестрінде тіркелді.

Айта кетейік, бұған дейін полиция жүгері сатушыны ұстау туралы видео таратқан болатын.


Соңғы жаңалықтар