Жүгері орып жатқан комбайн механизатордың саусақтарын жұлып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьтің Лидск ауданында жүгері орағы кезінде 49 жастағы комбайн механизаторы ауыр жарақат алды, деп хабарлайды belta.by.

Ер адам ұнтақтағыш аппараттың барабанынан шыққан жайсыз дыбыстың себебін анықтамақ болады. Комбайнды сөндірген ол инерциямен айналып жатқан пышақтардың тоқтауын күтпей сол қолын қабылдау механизміне сұққанда абайсызда саусақтарын кесіп кеткен. Қазір ол ауруханада жатыр.

Соңғы жаңалықтар