«Жұбановтар әуені» фестивалі: Жеңімпаздар белгілі болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Жұбановтар әуені» фестивалінде Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның қазақ камералық хоры бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында «Жұбановтар әуені - 2018» халықаралық хор фестивалі өтті. Оған Қазақстан мен Ресейдің үздік хор ұжымдары қатысып, Ғазиза Жұбанова мен Ахмет Жұбановтың туындыларын орындады.

Фестиваль кезінде Царскосельский камералық хоры, Орынбор камералық хоры, А.Шнитке атындағы облыстық филармонияның хор музыкасы театры, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «Камертон» хор ұжымы, Д.Нұрпейісова атындағы Халықтық музыка академиясы жанындағы музыкалық колледждің аралас хоры, Қызылорда қаласының гуманитарлық колледжінің «Япырай» аралас хоры, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның Қазақ камералық хоры бақ сынады.

Конкурс қорытындысы бойынша Гран-при мен 500 мың теңге көлеміндегі сыйлық Ақтөбедегі Қазақ камералық хоры ұжымына берілді.  А.Шнитке атындағы облыстық филармонияның хор музыкасы театры (Саратов қаласы, Ресей) мен «Петербургские серенады» Царскосельский камералық хоры І дәрежедегі лауреат және 400 мың теңге көлеміндегі сыйлықты иеленді. Ал А.Жұбанов шығармаларының үздік орындаушысы номинациясын Орынбор камералық хоры және А.Шнитке атындағы облыстық филармонияның хор музыкасы театры жеңіп алды. «Жарқын дебют» номинациясында Д.Нұрпейісова атындағы Халықтық музыка академиясы жанындағы музыкалық колледждің аралас хорының жетекшісі Баймұқатов Айбол марапатталды. «Петербургские серенады» Царскосельский камералық хорының жетекшісі Егор Лосев үздік дирижер деп танылды.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар