Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.05 EUR 432.79
RUB 5.96 CNY 55.46
Jańalyqtar

«Жұбановтан - Абайға» ғылыми-танымдық экспедициясынан кейін жинақ шығарылады

2019 жылғы 14 маусым 20:30 388
Бөлісіңіз:
«Жұбановтан - Абайға» ғылыми-танымдық экспедициясынан кейін жинақ шығарылады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеден Абай жеріне аттанған ғылыми-танымдық топ жұмысын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жұбановтан - Абайға» атты ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырылды. Топ Ақтөбе-Нұр-Сұлтан-Павлодар-Семей-Жидебай-Қарағанды-Баянауыл-Қарқаралы бағытындағы киелі жерлерді аралады.

«Экспедиция Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембековтің бастауымен қолға алынды. Абайдың 175 жылдығы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 85 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды. Негізі 1995 жылы Абайдың 150 жылдығына орай сол кездегі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, профессор марқұм Мұхтар Арынов осы бағытта экспедиция ұйымдастырмақ болған еді. Ағамыздың қазасына байланысты сапар орта жолдан үзілді. Сол үзілген тарихи сабақтастық қайта жаңғырды. Алғашқы күні экспедиция Нұр-Сұлтан қаласында «EXPO-2017»  халықаралық мамандандырылған көрмесі өткен бас алаңын, Тұңғыш Президент кітапханасы, мұражайын қызықтады. Келесі күні экспедиция мүшелерін Семей күтіп алды. Шәкәрім атындағы университет студенттері, магистранттары мен оқытушылары қарсы алды. Осы күні Ұлы Абай, Һәкім Абай, Ақын Абайдың кіндік қаны тамған Шыңғыстау бауырына бардық», - деді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті Дәулет Әбенов.

Экспедиция мүшелері жазушы, академик Мұхтар Омарханұлы тұрған үйдегі мұражайымен танысып, Шыңғыстың қос алыбы һәкім Абай мен философ Шәкәрімнің рухына тағзым етіп, құран бағыштады.

«Жұбановтан - Абайға» ғылыми-танымдық экспедициясынан кейін жинақ шығарылады 

«Абайтану» курстары тек Шәкәрім, Абай университеттерінде ғана жүргізілмеуі керек. Ол барлық оқу орындарындағы гуманитарлық мамандықтарда оқылуға тиіс. Баяғыда М.Әуезов Қазақ Ұлттық университетінде «Абайтану» курсын оқығанда басқа университеттерден студенттер қашып барып, дәрістерін тыңдайды екен», - деді Д.Әбенов.

Кейін экспедиция мүшелері Еңлік пен Кебек үңгірін тамашалап, қос ғашықтың ескерткіш-күмбезіне кідірді. Семейдің Шәкәрім атындағы, С.Торайғыров атындағы Павлодар, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіндегі археологиялық және ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмыстарымен танысып, ғалымдар мен докторант, магистранттармен кездесті.

«Жұбановтан - Абайға» ғылыми-танымдық экспедициясынан кейін жинақ шығарылады 

«Қарағанды арқылы Баянауылға бет алдық. Мәшһүр Жүсіп, адам Жүсіп, жолаушы Жүсіптің кесенесі ат шаптырым жерден адамның көзіне түседі. Бала Жүсіп тоғыз жасқа келгенде «Мәшһүр» деп атаған Мұса Шорманов екен. Дала аристократиясының жарқын өкілі, жалпақ халыққа аты тек Мұса Байжановтың «Ақ Сисасымен» белгілі болған, ал негізінен қарадан шыққан  аға сұлтан - Мұса Шорманов. Төре тұқымымен құдандалы болып, ресми түрде ақсүйектікті алып, оны халық мойындаған. Орыс әскерінің полковник шеніне дейін көтерілген. Бөгенбай батырдың ұрпағы Саққұлақ би Мұсаны «Орта жүздің шамшырағы» деп атаса, Шоқан Уәлиханов «Аяулы мырза ағамыз сирек кездесетін керемет адам еді» деп жазған болатын. Келесі бас тіреген жеріміз белгілі Қоңыр әулие, қазақ археологиясының атасы Әлкей Марғұланның туып өскен жеріндегі С.Торайғыровтың мұражайы болды. Экспедиция өз жұмысын Қарағанды қаласында аяқтап, Нұр-Сұлтанға оралды. Қорыта айтқанда, Жұбанов университетінде болашақта осындай ғылыми-танымдық экспедициялар өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Себебі бұл өте жақсы әрі құптарлық іс. Бұл сапардан соң материалдарымыз жинақ болып шығады», - деді тарихшы-этнограф.

«Жұбановтан - Абайға» ғылыми-танымдық экспедициясынан кейін жинақ шығарылады 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT