Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

«Жұбановтан - Абайға» ғылыми-танымдық экспедициясы жолға шығады

2019 жылғы 30 мамыр 15:24 1059
Бөлісіңіз:
«Жұбановтан - Абайға» ғылыми-танымдық экспедициясы жолға шығады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің делегациясы «Жұбановтан - Абайға» атты ғылыми-танымдық экспедициясына аттанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы негізінде 1-9 маусым аралығында ғылыми экспедиция жұмысын бастайды. Зерттеушілер Ақтөбе - Нұр-Сұлтан - Павлодар - Семей - Жидебай - Қарқаралы - Баянауыл - Қарағанды - Нұр-Сұлтан - Ақтөбе  бағытын қамтиды. Бұл экспедиция Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 85 жылдығы мен Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Бұл бағыт Ақтөбе педагогикалық институтының ректоры Мұхтар Арынның ғылыми экспедициясына арнайы жоспарланған болатын. 

«Мұхтар Арын бұл экспедицияны 1995 жылы құрып, бастаған істі аяқтай алмады. Бұл жолы университет басшылығы қолдап, игі істі жалғастыруға мүмкіндік пайда болды. Сапар кезінде ғылыми зерттеушілер өзара байланыс орнатып, мақалалар жазады, жинақ шығады. Әрі бейнефильм түсіріліп, танымдық туындылар көпшілікке ұсынылады. Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің бейітіне де барамыз. Бұл - магистранттар мен доктаранттар үшін үлкен мүмкіндік», - деді облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Дәулет Әбенов.

Айта кетейік, делегация құрамында «Абайтану және ұлттық руханият» ҒЗО жетекшісі, ф.ғ.д, профессор Абат Пангереев, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Дәулет Әбенов, «Қазақ әдебиеті» кафедрасының оқытушысы, магистр Айбат Өмірбаев, Маркетинг орталығының директоры Жанна Әбілдаева, «Филология» мамандығының 2-курс магистранты Гүлайна Ізмұқанова, Педагогика және психология ғылымдарының PhD докторы, аға оқытушы Жандарбек Иманшиев, «Филология» мамандығының 2- курс магистранты Бекарыс Олжабаев бар.

Экспедиция бағдарламасы Қазақстанның рухани мұраларының объектілеріне баруды және зерттеуді көздеп отыр. Қатысушылар университеттерге, ғылыми орталықтарға, мешіттерге, медреселерге, ескерткіштерге, мұражайларға және басқа да тарихи орындарға барады. Университет делегациясы Абай Құнанбаевтың мұрасын талқылауға және зерделеуге арналған шараларға қатысады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT