Жуалылық тұрғын 4 келіге жуық «гашиш» есірткісін көмбеде жасырған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Жуалы ауданының 46 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұсталған күдіктіден салмағы 3 келі 600 грамм болатын «гашиш» есірткісі табылған. Ол оны көмбеде жасырын сақтаған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев Facebook парақшасында жазды.

«Күдікті өз кінәсін толық мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Ұсталған азамат бұрын сотты болмаған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,-делінген А.Оразалиев жазбасында.

Сондай-ақ, департамент басшысы өңірде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша профилактикалық жұмыстар ұдайы жүргізілетінін жазған.

Соңғы жаңалықтар