+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Жуалы аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметінен босатылды

2020 жылғы 26 қазан 13:21
Бөлісіңіз:
Жуалы аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметінен босатылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Батихан Алпысбай қызметінен босатылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысының бас санитар дәрігері тағайындалды Қазақстанда апта ішінде болған тағайындаулар Асқар Жамбакин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың шілде айында аудандық аурухананың қызметкері Ф. Жанбатырованың әлеуметтік желіге жариялаған арызынан соң ауданға қызметтік тексеріс жүргізу үшін арнайы комиссия аттанған болатын.

«Қызметтік тексеру нәтижесінде, Ф. Жанбатырованың келтірген кей деректері расталды. Ұжым ішінде жайсыз моральдық-психологиялық жағдай қалыптасқаны анықталды. Оған, бірінші кезекте, емдеу мекемесі әкімшілігінің кәсіптік міндеттеріне жауапсыз қарағаны әсер еткен. Барлық материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді.

Тәртіп бұзғаны үшін бас дәрігердің экономика жөніндегі орынбасары А. Байтөреев қызметінен босатылды. Өз кезегінде бас дәрігер Б. Алпысбай денсаулық жағдайына байланысты демалысқа шығып кеткен. Сондықтан еңбек заңнамасына сәйкес, оны қызметінен босату мүмкін болмады»,-делінген облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, хабарламада осы жылдың 5 қазанында Б. Алпысбай жұмысқа шығып, 20 қазан күні тағы бір рет уақытша жарамсыздық парағын аштырғандығы айтылған. Бұл орайда денсаулық сақтау басқармасымен тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде емдеу мекемесі басшысының демалысқа негізсіз шыққаны анықталыпты.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушының 2020 жылдың 26 қазанындағы бұйрығына сәйкес, Б. Алпысбай тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босатылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT