ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы неде

Фото:
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мамандары ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы неде екендігін түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы қандай деген сұрақ бізге жиі қойылады. Жеке сәйкестендіру нөмірі - ҚР азаматтарына туған кезде берілетін 12 цифрдан тұратын бірегей сандар комбинациясы. Ал шетелдік азаматтар ЖСН алу үшін ХҚО-ға жүгінуі тиіс. Бұл ретте кез келген шет мемлекет азаматы ЖСН-ді кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін және қаржылық операцияларды орындау үшін ала алады. ЖСН алу мен азаматтық алу - екеуі екі бөлек нәрсе», - деп хабарлады филиал мамандары.

Қазақстан Республикасы азаматтығын ҚР аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұратындар, елде кемінде үш жыл тұратын ҚР азаматымен некелескендер және ел аумағында тұратын жақын туыстары бар адамдар ала алады.

Ал Қазақстан аумағында тұрақты тұратын қандастарға, мемлекеттегі жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтарға азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен алуға мүмкіндік бар.


Соңғы жаңалықтар