+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

ЖСДП алдағы сайлауға қатыспайды

2020 жылғы 27 қараша 12:33
Бөлісіңіз:
ЖСДП алдағы сайлауға қатыспайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның съезі өтті. Жиын барысында партияның алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауына қатыспайтыны туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы сайланды БҚО мәслихатына жаңадан хатшы сайланды БҚО мәслихатының депутаттығына кімдер сайланғаны белгілі болды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның съезінің күн тәртібінде партияның алдағы сайлауға қатысатыны немесе қатыспайтыны туралы мәселе қаралды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша съезге қатысқан залдағы партия мүшелерінің 80 пайызы , яғни 32-сі бойкот жариялауды қолдады, 3 адам сайлауға қатысуға дауыс берді. 5 адам қалыс қалды.

Съезді қорытындылай келе Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатыспайтыны туралы шешімін жариялады.

Осыған орай сайлауға байланысты басқа да мәселелердің бәрі съездің күн тәртібінде қаралмайтын болды.

«Жұмысты ары қарай жалғастыруымыз керек. Бойкотпен өмір тоқтап қалмайды. Алда тағы сайлау болады. Біз партияны құру жұмысын жалғастыруымыз керек. Биыл біршама істі тындыруды көздеген едік. Болған жайларды ой елегінен өткізерлік уақыт бар. Біз жаңғыру бағдарын жариялауымыз керек», - деді партия төрағасы Асхат Рахымжанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT