ЖРВИ өршіп тұр - Бас санитариялық дәрігер

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде апта сайын ЖРВИ-дің 160 мың жағдайы тіркеліп отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Емағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция) және тұмаудың маусымдық көтерілуі жалғасуда. Эпидемиялық маусым басталғалы бері ЖРВИ-дің 3,8 млн жағдайы және тұмаудың 3 234 жағдайы тіркелді», - деді Айжан Есмағамбетова Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Оның атап өтуінше, апта сайын орташа есеппен ЖРВИ-дің 160 000 жағдайы тіркелуде.

«Байқап отырғаныңыздай, ақпан айында ауру төмендеген жоқ, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда ауру 30 пайызға артты. Республикадағы эпидемиологиялық жағдай болжамына сәйкес ЖРВИ-мен ауыру сәуірдің аяғына дейін артады және кейін азаяды», - деді вице-министр.

Бұған дейін А.Есмағамбетова 19 наурызда өтетін Мәжіліс сайлауына маска киіп баруды ұсынған болатын.


Соңғы жаңалықтар