«Жошы хан» тарихи-мәдени кешені маусым айында ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маусым айының соңына қарай Ұлытауда «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ел алдындағы есебі кезінде осындай мәлімет берді.

«Киелі туризмді дамытуды ынталандыру және тарихи-мәдени нысандарға туристік қызығушылықты арттыру мақсатында маусым айының соңына қарай Қарағанды облысының Ұлытау ауданында «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені ашылады», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Министрдің сөзіне сенсек, шілде айында Шығыс Қазақстан облысында «Абай жолымен» атты ақпараттық тур өткізу жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар