ЖОО түлектерін еңбекпен қамту жөніндегі комиссия формальды түрде жұмыс істейді – БҒМ
2022 жылғы 24 мамыр 12:29

ЖОО түлектерін еңбекпен қамту жөніндегі комиссия формальды түрде жұмыс істейді – БҒМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі жоғары оқу орнындарының 60 пайызы мемлекеттік тілде білім береді. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде елімізде 120 жоғары оқу орны бар. Олардың 60 пайызы қазақ тілінде, 26 пайызы орыс тілінде және 6 пайызы ағылшын тілінде білім береді. Аталған білім ошақтарында 36 378 профессор дәріс беріп жатыр. Биыл 155 694 студент жоғары оқу орнын тәмамдайды. Бүгінде грантпен оқыған түлектерді жұмыспен қамту нормасы бекітілген. Ол үшін білім туралы заңға бірқатар өзгеріс енгізілді. Енді түлектерге мемлекеттік мекемелерде ғана емес, жеке ұйымдарда да жұмыс істеуге мүмкіндік беріліп отыр. Түлектерді еңбекпен қамту үшін 55 ЖОО-да мансаптық және кәсіби дамыту орталықтары жұмыс істейді», - деді Қуаныш Ерғалиев министрлікте өткен аппараттық жиналыста.

Сондай-ақ, спикер оқу бітірген түлектерге қатысты бірқатар проблеманы алға тартты.

«ЖОО-дағы түлектерді еңбекпен қамту жөніндегі комиссиялардың формальды түрде жұмыс істейтінін айтып өткен жөн. Бұл - университеттердің жергілікті әкімдермен байланысының әлсіздігі. Сол сияқты, түлектерді жұмыспен қамтуға арналған шаралардың жеткіліксіздігі. Сонымен қатар жұмыс берушілердің түлектерді практика мен жұмысқа орналастыру шараларына қатысуының төмендігін көрсетіп отыр», - дейді ол.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT