ЖОО студентері үшін каникул 24 қаңтарға дейін ұзартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің жоғары оқу орындары студентері үшін каникул 24 қаңтарға дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева айтты.

«Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін академиялық күнтізбеге қарай 24 қаңтарға дейін каникулда болады», - деді Мөлдір Әбдуәлиева агенттік тілшісіне.

Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен қысқы каникул 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Cонымен қатар мектеп мұғалімдері каниекул кезінде елді мекендегі жағдайға байланысты қашықтан немесе дәстүрлі форматта жұмыс істейді. Балабақшалар да нақты елді мекендегі жағдайға байланысты жұмысын жалғастырады.


Соңғы жаңалықтар