+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

ЖОО-ны лигаға бөлу: Министрліктің жоспары қандай

2020 жылғы 6 тамыз 23:31
Бөлісіңіз:
ЖОО-ны лигаға бөлу: Министрліктің жоспары қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі ЖОО-ны лигаға бөлу бойынша 4 санатты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
30-дан астам ЖОО білім беру тапсырысы орналастырылатын тізімнен алынып тасталды

«Білім және ғылым министрлігі ЖОО-«шаңсорғыштарды» анықтау саясатын жалғастыруы тиіс. Бұл ретте әділ жұмыс істейтін ЖОО-лар да мемлекеттік бақылаудың қатаң саясатынан зардап шегеді. Осыған байланысты жоғары оқу орындарын лигалар бойынша саралау ұсынысы қолдау тапты, ол бұрын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтылды. Мұндағы бірінші санат – халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті ЖОО-лар. Оларға қойылатын басты критерий ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейі болады. Яғни, ғылым білім беру бағдарламаларына үн қосатын және ел экономикасына ықпал ететін университеттер. Мұндай ЖОО-лар 100% академиялық дербестікке ие болады. Оларды мемлекеттік бақылаудан босату да тексеруге алаңдамауға мүмкіндік береді. Толық сенім презумпциясы болады», - деп жазды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов facebook желісінде.

Министрдің айтуынша, екінші санатта – ұлттық деңгейде бәсекеге қабілетті жоғары оқу орындары болмақ. Оларға да бірінші санаттағы жоғары оқу орындарымен бірдей академиялық еркіндік беріледі және тексерулерден босатылады.

«Үшінші санатқа келсек, барлық өңірлік ЖОО-лар республикалық деңгейде бәсекелесе алмайды, алайда олар өңірлерде қалған студенттерге жақсы білім деңгейін береді және «өздерінің» білім алушыларына қарай бағдарланады. Өңірлік немесе салалық жоғары оқу орындары (үшінші санат) академиялық еркіндіктің үлкен көлемін иеленеді. Бұл ЖОО-лар тәуекелдерді бағалау жүйесі бойынша ғана тексерілетін болады», - дейді А. Аймағамбетов.

Аталған үш санатқа кірмейтін өзге оқу орындары төртінші санатқа топтастырылады.

«Олар толық көлемде тұрақты мемлекеттік бақылауға алынады, олар үшін осы ЖОО-ларға деген сенім мен сапаның төмен деңгейіне байланысты көптеген талаптар мен нормалар қолданылады. Жоғары оқу орындарын 4 санатқа саралаудың негізінде ЖОО-лардың білім мен ғылымның сапасын арттыру бойынша бәсекелестігі жатыр, ал бәсекелестік, өздеріңіз білетіндей, әрдайым пайдалы болмақ», - дейді ведомство басшысы.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңес отырысында жоғары оқу орындарын лигаларға бөліп, бәсекелестікті арттыруды ұсынған еді.

Бұған дейін Білім министрі қашықтан немесе аралас оқу түрін таңдау мүмкіндігін енгізуді, – білім беруге бизнес пен өндіріс өкілдерін, шетелдік оқытушыларды тартуды ұсынған еді.

Сонымен бірге, докторанттардың диссертация тақырыбын бекіту мерзімі ұзартылуы мүмкін.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT