04.03.2023 13:42 Студент пен магистранттарға тағайындалатын Президент стипендиясының көлемі қанша АСТАНА. ҚазАқпарат – Ашық НҚА порталында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылға арналған Президент стипендиясын беру жөнінде екі бұйрығының жобасы талқыға салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.03.2023 18:00 Болгарияның ең ірі жоғары оқу орнында қазақ тілі оқытылады АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету мақсатында Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев Әулие Клемент Охридски атындағы София университетінің ректоры Анастас Герджиковпен кездесті.
28.02.2023 13:23 Киіз үй түрінде сөмке жасайтын қазақстандықтың жобасына Louis Vuitton қызығушылық танытты АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемдік бренд Louis Vuitton қазақстандық студенттің киіз үй түрінде сөмке жасау ұсынысына қызығушылық танытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕҰУ сілтеме жасап.
20.02.2023 11:06 Талапкерлер 4230 теңге төлеп, наурыздағы ҰБТ-ға қатыса алады АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш беру app.testcenter.kz сайтында 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15.02.2023 14:10 Президент тапсырмасы: Ақтауда Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады АҚТАУ.ҚазАқпарат - Ақтаудағы Есенов университетінің базасында Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады.
14.02.2023 14:37 Президент тапсырмасы: Азаматтық қорғау академиясына жаңа ғимарат пен жатақхана керек АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жұмыс сапары аясында Азаматтық қорғау академиясына барған Президент Академияға жаңа оқу ғимараты мен жатақхана салу үшін жер телімін бөлуді тапсырды.
14.02.2023 14:17 Университеттер мен кәсіпорындардың жанынан мамандандырылған инжиниринг орталықтары ашылады АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында елдегі жетекші университеттер мен кәсіпорындардың жанынан мамандандырылған инжиниринг орталықтарын ашуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.02.2023 12:44 Биыл магистратура, докторантура гранттарының құны артады АСТАНА. ҚазАқпарат – Магистратура, докторантура гранттарының құны кемінде бакалавр гранттарының құнымен теңесуі керек. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне осындай жоспарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
14.02.2023 12:14 Саясат Нұрбек: Түркияда оқып жүрген қазақстандық студенттерді елдегі ЖОО-ларға қабылдауға дайынбыз АСТАНА. ҚазАқпарат –ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркияда оқып жатқан студенттерді қазақстандық университеттер қабылдауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.02.2023 08:25 Түркияда оқып жатқан Қазақстан студенттеріне Елшілік үндеу жасады АНКАРА. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшілігі Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттерге үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқысаясат ведомствосына сілтеме жасап.
10.02.2023 10:17 Атырау университеттері Түркияда оқитын қазақстандық студенттерді қабылдауға дайын АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау университеттері Түркияда оқитын қазақстандық студенттерді қабылдауға дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.02.2023 12:37 Асхат Аймағамбетов ЖОО-да сабақ береді АСТАНА. ҚазАқпарат - Асхат Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетіне оқытушы ретінде қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЖОО сілтеме жасап.
04.02.2023 16:05 Әр университет ҰБТ-дағы шекті балды өзі белгілейді АСТАНА. ҚазАқпарат - Түлектер оқуға құжат тапсырмастан бұрын жоғары оқу орындарының шекті балын біліп алғаны жөн. Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығынң директоры Руслан Емелбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
02.02.2023 07:48 Атырауда жатақхананың қабырғалары жарылып, студенттер шұғыл эвакуацияланды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда студенттер жатақханасының бірінші қабатының қабырғасы жарылып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.02.2023 21:50 Қазақстандық университет британдық сапа белгісін алады АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев QAA британдық аккредитациялық агенттіктің Халықаралық және кәсіби қызметтер бойынша директоры Эдуардо Рамоспен жоғары білім саласындағы сапаны бағалау бойынша халықаралық келісімге қол қойды. Бұл шара Лондонда Қазақстан-британ үкіметаралық комиссиясының 9-отырысы аясында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31.01.2023 08:23 ҰБТ-да калькулятор пайдалануға бола ма АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ кезінде сақталуға тиіс ережелерді түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28.01.2023 01:12 Бакалавр, магистр дәрежелері берілетін білім грантын бөлу тәртібі өзгерді АСТАНА. ҚазАқпарат – Үкіметтің қаулысымен ауыл жастары арасынан шыққан азаматтарға «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін ЖОО-да білім грантымен оқу тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің сайтына сілтеме жасап.
27.01.2023 18:29 Әскерден келген жастарды 40-тан астам ЖОО тегін оқытуға дайын АСТАНА. ҚазАқпарат – Мерзімді әскери қызметін өткерген жастарды жеңілдік берілген тәртіппен 40-тан астам ЖОО оқытуға дайын. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.01.2023 17:20 Қаңтардағы ҰБТ: Талапкерлердің 74 пайызы тесті қазақша тапсырды, 36 бала тәртіп бұзды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаңтар айындағы ұлттық бірыңғай тестілеу басталғаннан бері 57 мың адам тест тапсырды. Оның ішінде түлектердің 74% – қазақ тілінде, 25% - орыс тілінде, 37 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
27.01.2023 16:44 Әскери борышын өтегендер ЖОО-ларға қандай құжаттар тапсыруы керек АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева мерзімді әскери қызметін өткерген жастарға жоғары оқу орнына жеңілдетілген тәртіппен түсуі үшін қандай құжаттарды тапсыруы керек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.