Жөндеу жұмыстарын жедел аяқтау керек: министр оқу орындарының жатақханаларын тексерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ахуалдық орталығының жұмысымен танысып, оқу ордасының инфрақұрылымдар жүйесінің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, министр сонымен қатар, студенттік жатақханалар мен оқу ғимараттарын аралап, алдағы оқу жылында білім алушылардың барлығына қажетті жағдай жасау керектігін айтты.

«Университет жатақханалары студенттерді қабылдауға дайын, жақсы жұмыстар атқарылған. Өз тарапымнан білім алушылардың барлығын дерлік жатақханамен қамтамасыз ету керектігін тапсырамын» - деді министр.


Келесі нысан - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жатақханалары. Министр білім ордасының медициналық орталығын, білім алушылардың демалыс орындар мен компьютерлік залдарын аралады.

Өз сөзінде Саясат Нұрбек студенттердің жатақхамен қамтамасыз етілуінің маңыздылығын атап өтіп, ондағы жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарын тез арада бітуруді, қыздардың қауіпсіз және жайлылығы үшін жатақхананың сыртқы қоршауын толық қалпына келтіруді тапсырды.


Нархоз университетінің жаңа оқу жылына дайындығын тексеру барысында президент Мирас Дауленов министрге білім ордасының арсеналында 3 жеке және 4 серіктес жатақханасы барын хабарлады. Жатақхананың әр қабаты асханамен, кір жуатын бөлмемен, демалыс орындарымен жабдықталған.

Өз кезегінде министр барлық мұқтаж жандарға жатақхана мен жеке хостелдардан орын беруді тапсырды.


Соңғы жаңалықтар