Жомарт Ертаевтың көмекшісі Украинадан экстрадицияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін прокуратура мен ұлттық қауіпсіздік органының, жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері Жомарт Ертаевтың бұрынғы көмекшісі Айдос Құсайыновты Украинадан экстрадациялады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2011-2017 жылдар аралығында қызметтік жағдайын пайдалана отырып, басқа тұлғалармен алдын ала келісу арқылы «BANK RBK» АҚ-ның 144 млрд теңгесін жымқырды деп айыпталған Жомарт Ертаевтың көмекшісі де көп мөлшерде ақша жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Алматы қаласының прокуратурасы Айдос Құсайыновтың 2013-2018 жылдары Жомарт Ертаевпен және өзге тұлғалармен келісе отырып 26,3 млн теңге және 1,7 млн АҚШ долларын жымқырғанын айтады.

«Күдіктің әрекеттері Қылмыстық кодекстің 189 бабы 4- бөлігінің 2-тармағы бойынша қаралатын болады. Бұған дейін жазадан бой тасалағандықтан, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. Қазіргі таңда Айдос Құсайынов Алматы қаласының уақытша қамау изоляторында отыр», - делінген ресми ақпаратта.

Еске салсақ, Жомарт Ертаевпен бірге банктің 41 топ-менеджері мен жұмысшысы күдікке ілінген еді.

Соңғы жаңалықтар