+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.96 EUR 423.78
RUB 6.03 CNY 54.16
Jańalyqtar

Жомарт Ертаевты қамау мерзімі ұзартылды

2019 жылғы 15 мамыр 15:05
Бөлісіңіз:
Жомарт Ертаевты қамау мерзімі ұзартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгілі банкир Жомарт Ертаевты қамау мерзімі ұзартылды. Енді күдікті қамауда 15 маусымға дейін отыратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14 мамырда Алматы ауданаралық тергеу сотының шешімімен Жомарт Ертаевты бұлтартпау шарасы 3 айға, яғни 15 маусымға дейін созылды», - деді қалалық соттың баспасөзқызметінен.

Мұның алдында хабарлағанымыздай, ҚР Бас прокуратурасының тергеу оперативтік тобының басшысы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының аяқталмауына байланысты сот мерзімін кейінге шегеру туралы сотқа өтініш түсірген болатын. Сот тергеу тобы басшысының өтінішін қанағаттандырды.

Бұрын хабарлағанымыздай, Жомарт Ертаевпен бірге банктің 41 топ-менеджері мен жұмысшысы күдікке ілінген еді.

Айта кету керек, Жомарт Ертаев биыл 15 наурызда Қазақстанға экстрадицияланған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Банктер, Алматы, Сот, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT