Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.29 EUR 426.40
RUB 5.93 CNY 56.58
Jańalyqtar

Жомарт Ертаев Қазақстанға экстрадицияланды

2019 жылғы 15 наурыз 08:27 722
Бөлісіңіз:
Жомарт Ертаев Қазақстанға экстрадицияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Бас прокуратура қызметкерлері қылмыстық жауапқа тарту үшін Ресей Федерациясынан Жомарт Ертаевты экстрадициялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Оған былтыр наурыз айында халықаралық іздеу жарияланған болатын.

«Жомарт Ертаев 2011-2017 жылдар аралығында қызметтік жағдайын пайдалана отырып, басқа тұлғалармен  алдын ала келісу арқылы «BANK RBK» АҚ-ның 144 млрд теңгесін жымқырды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ, онымен бірге 54 адам, соның ішінде банктің 41 топ-менеджері мен қатардағы қызметкері - бұрын экстрадицияланған Б.Ибрагим, И.Мажинов, Д.Туғанбай, Д.Едігенев, А.Мамырбеков, Т.Шәріпов күдіктеліп отыр», - делінген хабарламада.

Тергеу барысындағы шаралардың арқасында 15 млрд теңге өтеліп, 48 млрд теңге мүлікке тыйым салынды.

Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар істі тексеруді аяқтады. Процеске қатысушылар материалдармен танысып жатыр.

Ж. Ертаев Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT