+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Жолыңды ашып беремін: Қызылордада алаяқ балгер қолға түсті

2021 жылғы 5 қазан 14:41
Бөлісіңіз:
Жолыңды ашып беремін: Қызылордада алаяқ балгер қолға түсті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жергілікті тұрғыннан алтын алқасын алдап алған балгер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде көлік алмақ болған ер адам алаяққа 700 мың теңге берген Қызметі күдікті қаржылық субъектілердің тізімі жарияланды - Олег Смоляков Күйеубала қайын атасының атына 4 млн теңгеден аса несие рәсімдеген - Атырау

Қызылорда қалалық полиция басқармасына 49 жастағы қала тұрғыны арызданды.

Онда қызының жолын ашып беремін деп алтын алқасын алдап алған балгер жайында айтылған. Келген шығын - 150 мың теңге.

Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде облыс орталығының 53 жастағы тұрғыны қолға түсті.

Тергеу барысында күдікті алаяқтықпен алған алтын бұйымды ломбардқа өткізіп жібергені анықталды. Оның ақшасын өз қажетіне жаратқан.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада есірткі егумен айналысқан қылмыстық топ басшылары қолға түскен болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT