Жолымыз сын көтермейді – Ақтөбе облысының әкімі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде биыл 600 шақырымнан астам жол жөнделеді. Бұл туралы облыс әкімі есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғындарды тасжол сапасы мен қоғамдық мәселесі алаңдатады. Облыс жолдарының 44 пайызы нашар. Ел бойынша, батыс өңірлері арасында Ақтөбе жолдарының сапасы сын көтермейді. Өткен жылы 347 мың шақырым жол жөнделді. Биыл 636 шақырым жол қалпына келтіріледі, жөндеу жүргізіледі. Ақтөбе қаласының Оңтүстік айналма жолы, Сельмаш көпірі, Ақтөбе-Орск автожолының 8-16 шақырым аралығы, Ойыл – Қараой, Шалқар – Бозой қалпына келтіріледі. Қала көшелеріндегі жолдың жағдайы жақсы емес. Жеке инвесторларды тарту жоспарда бар», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Айта кетейік, Ақтөбе – Атырау тасжолының Ақтөбе – Қандыағаш аралығы биыл ашылады. Мердігер 90 шақырымды биыл қолданысқа бермек.

«Ақтөбе қаласының қоғамдық көлігінде электронды билеттеуді енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. «ПАТП» ЖШС-і «BPC Kazakhstan» ЖШС-мен бірлесіп қолма-қол ақшасыз төлем жасау және қалалық көлікті төлеуді есепке алуды автоматтандыру бойынша жобаны енгізуде. Бүгінгі таңда стационарлық валидаторлар 90 автобуста орнатылған», - деді Оңдасын Оразалин.

Соңғы жаңалықтар