USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Жолдың қарсы жолағына шыққан көлік иесі жүргізуші куәлігінен айырылады

2013 жылғы 30 қыркүйек 14:42
Бөлісіңіз:

АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Енді жолдың қарсы жолағына шыққан көлік иелері жүргізушілік куәліктерінен айырылады.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғұмбаев мәлім етті.

«Қазіргі кезде Қазақстанның Ішкі істер министрлігі заңнамалық актілерге бірқатар өзгерістер енгізді, сондай-ақ «Жол қозғалысы туралы» жаңа заң жобасы әзірленді. Бұл құжаттың жобасында жол жүру ережесін бұзғаны үшін автокөлік иесі мен жаяу жүргіншілердің жауапкершілігі күшейтілді. Егер де бұрындары жолдың қарсы жолағына шыққаны үшін айыппұл салынса, енді көлік иесі ереженің осы бөлігін үш реттен астам бұзса, онда ол жүргізуші куәлігінен алты айға дейін айырылуы мүмкін»,-деді вице-министр.

Белгілі болғандай, биылғы 8 айда жол полициясы 1 млн. 339 мың құқық бұзушылықтың жолын кесті. Көлікті мас күйінде басқарған 32 мың жүргізуші құрықталды. Сонымен қатар жол жүру ережесін өрескел бұзған 90 мың жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT