Жолдауды жүзеге асыру: Интеллектуалды кен орындары мұнай өндіру көлемін арттырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында «ҚазМұнайгаз» АҚ Атырау облысында мұнайдың интеллектуалды кен орны ілкі жобасын енгізген болатын. Осы ретте еліміздің Энергетика министрлігі аталған жоба және технологиялық жаңалықтан қандай нәтиже күтілетіндігі жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау облысындағы УАЗ кен орнына жүргізілген ілкі жоба тәжірибесіне  арқа сүйей отырып, мұнай өндіру көлемі 1-2 пайызға артады деп күтілуде. Жобаның негізгі мақсаты  пайдалану шығыстарын қысқарту болып табылады», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі редакцияның ресми сауалына берген жауабында.

Бұған қоса министрлік «ҚазМұнайГаз» компаниясы жробаны енгізудің арқасында пайдалану шығыстарын қысқартатын мынадай негізгі тиімділік алмақ: ұңғыма жұмысына қалпына келтіру уақытын қысқарту; жөндеуаралық кезеңды арттыру; энергия тиімділігі және ұңғыман жөндеуге кететін шығыстардың үлесін төмендету.

«Интеллектуалды кен орны - бұл жедел бақылау және шұғыл шешім қабылдау үшін мәліметтерді үздіксіз өңдеу мен ақпараттарды мониторингілеуді қамтамасыз ететін технологиялық параметрлер мен бағдарламалық кешенді басқарудың жиынтық құралы», - деп атап өтеді баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстанға халқына арналған биылғы Жолдауында инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлуді тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар