Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыруда азаматтық қоғамның рөлі зор

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында азаматтық қоғам өкілдері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Жиынды ашқан Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Кәрімова өз сөзінде бұл стратегиялық құжаттағы міндеттерді жүзеге асыруда азаматтық қоғамның рөлі зор екенін атап өтті.

Сонымен қатар, «Ересектер білім» қоғамдық бірлестігінің басшысы Еркін Исімбаев, ҚХКП Ақмола обкомының төрағасы Бейсенбай Мәжитов, облыстық кәсіподақтар орталығының басшысы Қали Рахметов, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі төрағасы Бақыт Смағұл, «Белый блоггер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлаз Жайықбаев, «Зерделі ұрпақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Олжас Хасен Жолдаудағы басты міндеттерге тоқталды.

Жиынға қатысушылардың пікірі бойынша ең төменгі жалақының көлемі 1,5 есеге - 28 мыңнан 42 мыңға өсуі қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырмақ. Оған қоса, жастардың келер жылы «Жастар жылы» деп белгіленуі, ТКШ және табиғи монополиядағы қызмет тарифтері, мемлекеттік органдардың тиімділігі түбегейлі арттыру мәселесі де назардан тыс қалмады.

Пікір білдергендердің арасында ардагер журналист Балталы Сәрсенбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов, «Sara» қоғамдық қорының төрайымы Сара Баймағамбетова өз ойларын ашық айтты.  Әсіресе, «Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасының жүзеге асырылатынына сенім білдірді.

«2019 жылы басты лоттар ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту және өңірлерде еңбек идеологиясын дамытуға арналады», - деді Г.Кәрімова.

Айта кетейік, жақында Көкшетауда Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың төрайымдылығымен Қоғамдық кеңес мүшелері Жолдауды талқылаған болатын.

 

null  null  

Соңғы жаңалықтар