Жолдаудағы міндеттер қазақстандық жастарды ғаламдық өркениет өрісіне бағыттайды- Идаятолла Әдіханов

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Елбасы Жолдауында алға қойылған міндеттер қазақстандық жастарды ғаламдық өркениет өрісіне бағыттайды. Бұл туралы Ақмола облыстық «Білім-инновация» дарынды балалар мектебінің директоры Идаятолла Әдіханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, биылғы Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауының жетінші міндетінде - адами капиталды білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу арқылы дамыту көзделген. Бүгінгі таңда оқушының қазақстандық және әлемдік озық білім жүйелерін меңгеріп, халықаралық нарықта бәсекеге түсе алатын, шет тілдерін үйреніп, функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлана алуы ХХІ ғасыр жастарынан талап етілетін дағды моделі болып табылады.

«Педагогика саласының қызметкері ретінде облысымызда келешек жастарға білім беру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталғым келеді. Елбасы Жолдауында атап көрсетілген «Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек» деген міндет қазақстандық жастарды ғаламдық өркениет өрісіне бағыттайды. Осы мақсатта облыс бойынша техникалық бағыттағы 151 үйірмеде 4 мыңға жуық оқушы білім алуда. Сондай-ақ, оқушылардың ізденісін арттырып, ғылымға деген қызығушылығын ояту мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен төменгі сынып оқушыларына арналған «Балалар университеті» жобасы жүзеге асырылуда», - дейді Идаятолла Әдіханов.

Сонымен қатар, ол «Білім-инновация» лицей-интернаты білім беру қызметін жаратылыстану-математикалық бағытта жүзеге асыратынын және осы пәндерді ағылшын тілінде оқытатынын атап өтті.

«Лицейдің оқыту үрдісінде робототехника технологиясын қолдану үшін оқу жоспарына «3D моделдеудің негіздері» «С++ тілінде бағдарламалау», «Robotics» таңдау курстары енгізілген. Оқу барысын автоматтандыру технологияларына, онлайн білім құралдарына және ата-аналармен хабар алмасудың заманауи әдістеріне қол жеткізу үшін облыс бойынша мектептердің 95 пайызы кең жолақты Интернет желісіне қосылған. Осы жылдың аяғына дейін оны 100 пайызға жеткізу жоспарланды. Бұл білім мекемелерінің Kundelik.kz, Bilimland онлаин оқыту платформаларын кеңінен қолдануға мүмкіндік беріп отыр. 2018 жылдың аяғына дейін Смарт сити жобасы аясында Көкшетау қаласының 5 мектебінде «Оқушы паспорты» бағдарламасын енгізу жоспарланған. Жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеу үшін қазақстандықтарға үш тілді меңгеру керектігі де Жолдауда басымдық тапқан. Қазіргі таңда Ақмола облысы бойынша 117830 оқушы үш тілде білім алады», -дейді Идаятолла Әдіханов.

Соңғы жаңалықтар