Жолдауда айтылған үш негізгі міндет қандай – cарапшы пікірі
Сарапшы «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында құзыретті органдар мен бүкіл қоғам алдына қоятын өзара байланысты үш міндеті нақты айқындалған. Оның біріншісі – азаматтардың осал санаттарына көмек көрсету және әлеуметтік төлемдерді қолжетімді ете түсу, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек, әділ салық салу бағыты, тұрғын үй, медициналық және білім беру қызметтерінің қолжетімділігі, адам құқықтарын қорғау», - деді З. Шәукенова.
Екінші міндет – мемлекеттік қызметшілердің штатын қысқартуға бағытталған мемлекеттік аппаратты жаңарту. Мұнда Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін, Төтенше жағдайлар министрлігін қалпына келтіру, мемлекеттік қызмет көрсетудің және ұлттық компаниялар қызметінің ашықтығын арттыру, жергілікті билік органдарының рөлі мен азаматтардың елдегі саяси өмірге қатысуын арттыру ұсынылған.
«Үшінші міндет – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, ішкі жалпы өнімнің құрамындағы қосымша тауарлар үлесін арттыру, шетелдік инвестицияларды тарту, дамудың бюрократиялық, сыбайластық және басқа кедергілерін жеңу, көлеңкелі экономикаға қарсы тұру арқылы экономиканы қайта қалпына келтіру. Ұлттық әл-ауқаттың тұрақтылығын арттырудың негізгі бағыттарының бірі ретінде Президент әлемдік нарықта қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен ҚР экспорттық әлеуетін арттыру қажеттігін атады. Бұл ретте орта бизнеске ерекше назар аударылды», - дейді сарапшы.