Жолдауда әлеуметтік мәселелерге басымдық берілді - ғалым

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Саяси ғылымдар кандидаты, қоғамдық келісім мекемесінің бөлім басшысы Сәулет Сахиев Елбасы биылғы Жолдауда әлеуметтік мәселелерге басымдық бергенін жоғары бағалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Елбасының әрбір Жолдауы үлкен жүйе арқылы Қазақстанның жарқын дамуына, елдің негізгі әл-ауқатын көтеруге арналған. Бұл Жолдаудың да осындай өзіндік ерекшелігі бар. Қазақстан өзінің даму стратегиясы мен әлеуеті арқылы дүние жүзіндегі 30 елдің қатарына қосылу бағытында үлкен жұмыстар атқарып келеді.

«Елдің табысы, тұрмысы жоғары деңгейде болу қажет. Осыған байланысты, Елбасы Қазақстанның әл-ауқаты, табыс пен тұрмыстық жағдайына үлкен көңіл аударып осы Жолдауда әлеуметтік мәселелерге басымдық берді. Негізгі елдің қарқынды дамудағы қазіргі таңда алда тұрған мәселелер және одан шығу жолдары. Мемлекеттік бағдарламалар қай деңгейде орындалып жатыр? Бірінші кезекте Елбасы халықтың тұрмыс деңгейі қандай, жалақысы, табыс көзі жолындағы кедергілері қандай деген сұрақтарға жауап берді. Министрлер мен әкімдерге бизнес жолында жүрген азаматтарға ешқандай тосқауыл болмасын, қайта оларға көмектесу мәселесін жолға қойды», деді Сәулет Сахиев.

Ол ең басты мәселе - халықтың табыс көзі, тұрмысы, денсаулығы жақсарғанда өсу деңгейі жоғарылайтынын айтады. Бұл әр қазақстандықтың көкейінде жүрген өзекті мәселе. Елбасы осы мақсатта нақты тапсымалар берді.

Осыған орай Қызылорда облысында Елбасы Жолдауы аясындағы мәселелер талқылаған облыс активінің жиыны өтті. 

Соңғы жаңалықтар