Жолдау жүзеге асуда: Шымкентте 10 кәсіпорын жұмысшыларының жалақысын көтереді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі 10 кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын көтеретін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осылайша, шымкенттік кәсіпорындар Елбасы Жолдауында айтылған жалақысы төмен жұмысшылардың табысын өсіру бастамасын қолдайтынын білдіріп отыр. Аталған кәсіпорындар қатарында «Отау-құрылыс» компаниясы да бар. Мұнда орташа жалақы мөлшері - 130 мың теңге, ал ең төменгі еңбекақы - 59 мың теңге.

«Бірінші қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 15 пайызға, ал орташа жалақыны 10 пайызға көтереміз», - дейді құрылыс компаниясының бас директоры А. Аслан.

Айта кетейік, еңбеккерлерінің жалақысын көбейтуді жоспарлап отырған кәсіпорындар қатарында «Атамекен», «Шымкент цемент» секілді өнеркәсіп орындары  бар. 

Соңғы жаңалықтар