Жолдау жүктеген міндеттер оңтүстіктің 45 елді мекенінде түсіндіріледі

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын насихаттайтын ақпараттық-түсіндіру топтары құрылды. Аймақ басшысы Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен жасақталған жұмысшы топ мүшелері 15 қала-аудандағы  45 елді мекеннің тұрғындарымен кездесіп, басты құжаттағы он міндетті кеңінен түсіндірмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Жетекшілері облыс әкімінің орынбасарлары болып табылатын бес топ алғашқы сапарларын  Түркістан, Кентау қалалары мен Мақтаарал, Бәйдібек, Түлкібас ауданынан бастады. Кездесу барысында ақпараттық топ Мемлекеттің басты құжаты еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде айрықша орын алатынын атап өтті. Сондай-ақ олар Жолдаудағы негізгі бағыттар Қазақстанның әлемдегі экономикалық, әлеуметтік және технологиялық салалардағы терең және қарқынды өзгерістерге бейімделуіне мүмкіндік беретінін жеткізді.  



Сонымен бірге әр саланың мамандарынан құралған топ мүшелері стратегиялық құжатта айтылған басым бағыттардың маңыздылығына тоқталып, тұрғындардың өтініштері мен сауалдарына жауап берді.

Кездесу барысында топ жетекшілері оңтүстікқазақстандықтар Елбасымыздың бастамаларын қолдап, оларды іске асыруға белсенді қатысып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бар күш-жігерін салатынына сенім білдірді. 

Соңғы жаңалықтар