Жолдау: Үш ауысымдағы мектептер мәселесін шешу жүктелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында үш ауысымдағы мектептер мәселесіне нүкте қоюды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде мектептер тапшылығы бар, сонымен қатар үш ауысымдағы мектеп жойылған жоқ. Сондықтан 2019-2021 жылдары осы жұмыстарға қосымша 50 млрд теңге бөлінеді. Атап айтқанда, үш ауысымдағы мектептер мәселесін шешіңіздер», - деді Елбасы Үкімет мүшелеріне қарата айтқан сөзінде.

Осы орайда Президент мектеп құрылысын ең қажетті деген елді мекендерде салу керектігін қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар